Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық банк төрағасы Ғалымжан Пірматовтың инфляцияны болдырмау жөніндегі ақша-кредит саясатының іске асырылу барысы жайындағы есебін тыңдады, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың ресми сайтына сілтеме жасап.
Қасым-Жомарт Тоқаевқа валюта және ақша нарықтарындағы ахуал, елдің алтынвалюта резервтерінің жай-күйі, сондай-ақ былтырғы төлем теңгерімін алдын ала бағалау туралы есеп берілді.
Ғалымжан Пірматов Ұлттық банктің негізгі мандаты саналатын қаржы және баға тұрақтылығын қамтамасыз етуге бағытталған ақша-кредит саясатының тиімділігін одан әрі арттыру жөніндегі жоспарын алға тартты.
Ұлттық банктің 2022 жылға арналған жоспарымен егжей-тегжейлі танысқан Президент, банк төрағасына бірқатар нақты тапсырма берді.