Бейжіңдегі қысқы Олимпиада ойындарында шаңғы жарысынан әйелдер арасындағы командалық спринттен жартылай финалдық жарыстар аяқталды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Бұл додада Қазақстан құрамасы сапында Надежда Степашкина мен Ксения Шалыгина сынға түсті. Алайда екеуі мәре сызығын 24:57,5 уақыт көрсеткішімен 10-шы болып кесіп өтті.
Осылайша отандастарымыз финалға өте алмады. Командалық спринттен жартылай финалында бірінші орынды Ресей құрамасы (23:00,47), екінші орынды Финляндия (23:00,82), ал үздік үшінші орынға Швеция (23:01,40) құрамасы ие болды.
Айта кетейік, аталған Ақ Олимпиадада ойындарында еліміздің намысын 8 спорт түрінен 34 спортшы қорғап жатыр. Олар - қысқы спорт ойындарының ішінде спорттың шаңғы жарысы, фристайл-могул, шаңғы акробатикасы, тау шаңғысы, шаңғымен секіру, биатлон және шорт-трек түрлерінен сынға түсуде.
Бейжің Олимпиадасы 20 ақпанда мәресіне жетеді.