Қазақстаннан Ауғанстанға өсімдік майының ірі партиясын заңсыз алып өтпек болғандар ұсталды. Контрабандалық тауардың жалпы құны 97 миллион теңгеден асқан, деп хабарлайды Egemen.kz.
ҚР Қаржылық мониторинг агенттігі таратқан мәлімдемеде Түркістан облысы бойынша ҚМА департаментінде ЖШС-не қатысты ҚР ҚК-нің 234 бабының 2-ші бөлігімен қылмыстық іс тіркелген.
«Сарыағаш ауданындағы «Қапланбек» кеден бекетінде 9 жүк-автокөлік тоқтатылды, тексеру барысында Қазақстан Респуликасынан Ауғаныстан Республикасына отандық өнім – өсімдік майларын алып өтпекші болғандар анықталды», деді ҚР ҚМА баспасөз қызметі.