Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті сотқа дейінгі тергеу аясында деструктивті діни ағым ұстанушыларының тобын ұстады, деп хабарлайды Egemen.kz комитеттің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«Олар Қазақстан аумағында экстремистік әрекетті ұйымдастыру үшін сот тыйым салған діни бірлестікке қатысқаны және адамдарды азғырып тартқаны үшін күдікке ілінді», делінген комитет хабарламасында.
Ұсталғандардың екеуі жарылғыш заттарды ұрлап, заңсыз сақтағаны үшін сотталды.
Айыпталушылардың тұрғылықты жерлерінде тінту жұмыстарын жүргізу кезінде экстремистік әдебиеттер мен басқа да заттай дәлелдемелер алынды.
Тергеу амалдары жалғасуда.