• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Қазақстан 16 Ақпан, 2022

Қазақстан мен Армения ынтымақтастығы нығая түспек

372 рет
көрсетілді

Қазақстан Елшісі Болат Иманбаев Армения Республикасының Экономика министрі, Қазақстан-Армян экономикалық ынтымақтастық жөніндегі үкіметаралық комиссиясының тең төрағасы Ваган Керобянмен кездесу өткізді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Кездесу барысында Елші Қазақстан Үкіметінің елдегі әлеуметтік-экономикалық және саяси жағдайды одан әрі дамыту бойынша қабылдап жатқан шаралары туралы хабардар етті.

Іс-шарада Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың экономикалық және демократиялық реформалар бағытын түсіндіруге, сондай-ақ шетелдік инвестицияларды тартуға және Қазақстанның халықаралық міндеттемелердің мызғымастығына ерекше назар аударылды.

Өз кезегінде армян тарапы Қазақстан басшылығының саясатына қолдау көрсетіп, қос ел арасындағы өзара тиімді қарым-қатынастарды одан әрі нығайтуға ниетті екен айтты. Бұл тұрғыда тараптар екіжақты сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастықты кеңейту мәселелерін, сондай-ақ 2021 жылғы 26 мамырдағы Үкіметаралық комиссияның 8-ші отырысының Хаттамасын орындау процесін және 2022 жылға арналған жұмыс жоспарын талқылады.

Министр 2021 жылдың қорытындысы бойынша екіжақты тауар айналымы өсуінің жоғары динамикасына тоқталып, сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастықты жандандыру қажеттігі туралы айтты.

Тараптар экономикалық күн тәртібіндегі көптеген мәселелер бойынша екі елдің мүдделері сәйкес келетініне назар аударып, тәжірибе алмасудың, бизнес-байланыстарды одан әрі жолға қоюдың және жаңа мүмкіндіктер іздеудің маңыздылығын атап өтті.

Қазақстан-Армения экономикалық ынтымақтастығын дамытуға қосқан зор үлесі үшін Елші Б.Иманбаев В.Керобянға Қазақстан басшылығының атынан «Қазақстан Тәуелсіздігіне 30 жыл» медалін тапсырды.