• RUB:
    5.01
  • USD:
    492.14
  • EUR:
    528.85
Басты сайтқа өту
Аймақтар 17 Ақпан, 2022

Науқас балалардың емінен қаржы жымқырғандар сотталды

310 рет
көрсетілді

Алматы қаласы бойынша қаржы мониторингі агенттігінің аумақтық департаменті «Qamqor» жедел алдын алу іс-шарасы аясында «Демеу» әлеуметтік қызмет орталығының қызметкерлеріне қатысты сотқа дейінгі тергеуді аяқтады, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Qamqor» жедел алдын алу шарасы аясында Алматы қаласы білім басқармасының «Демеу» әлеуметтік қызмет көрсету орталығы» КММ 18 жастан асқан психоневрологиялық аурулары бар адамдарға арналған медициналық-әлеуметтік мекеменің бас бухгалтері мен қызметкеріне қатысты сотқа дейінгі тергеу аяқталды», делінген ҚР ҚМА хабарламасында. 

Тергеу айыпталушыларға қатысты психоневрологиялық аурулары бар адамдарды ұстауға және оңалтуға бөлінген бюджет қаражатын жымқырғаны үшін айып тағылды.

«Сотқа дейінгі тергеу барысында ұрланған ақша толық көлемде өтелді. Сот үкімімен айыпталушылар сотталып, оларға екі жылдан үш жылға дейін бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалды», деп қосты ҚР ҚМА баспасөз қызметі.

 

Соңғы жаңалықтар