• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Аймақтар 17 Ақпан, 2022

Шымкент тұрғындары назардан тыс қалмайды - М.Әйтенов

275 рет
көрсетілді

Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов Тассай тұрғын алабы мен Нұртас, Мирас шағын аудандарының тұрғындарымен кездесіп, халықты толғандырған кез келген мәселенің назардан тыс қалмайтынын жеткізді, деп хабарлайды Egemen.kz.

10 мыңнан астам тұрғыны бар Тассай тұрғын алабы сапалы электр және ауыз сумен толық қамтылған болса, табиғи газбен 80 пайызы қамтылған. Қалған 20 пайызын көгілдір отынға қосу бойынша құрылыс жұмыстары жүргізілуде. Аяқталу мерзімі 2022 жыл. Ал, кәріз жүйесімен қамту мақсатында «Сарыағаш Аман» ЖШС мекемесі тарапынан құрылыс жұмыстары жүргізілуде. Құрылысы жыл соңында аяқталады деп жоспарлануда.

Сонымен бірге биыл интернет сапасын жоғарлату бойынша 1 базалық станция орнатылады.

Нұртас шағын ауданында тұратын 16 мыңға жуық халық пен Мирас шағын ауданындағы 4 мыңнан астам тұрғын толық табиғи газбен, электр жарығымен, ауыз сумен қамтылған. Өткен жылы бұл елді мекендерде 5 көше жарықтандырылып, 4 спорт алаңша салынған. Бүгінде Мирас ауданында кәріз жүйесінің құрылысы жүргізілуде.

Кездесу барысында жергілікті тұрғындар қазылған жолдарды қалпына келтіру, тас жолдарға асфальт салу мәселесін айтты.

Қала басшысы 2022-2023 жылдары жаңақұрылыс аумағында инфрақұрылым жүйелері аяқталуына орай, көшелерді асфальттау жұмыстары жүргізілетінін жеткізді. Оған қоса, әрбір елді мекенде көтерілген проблемалық мәселелерді шешу бойынша әкімдікте арнайы жиын ұйымдастырылып, халық талабын орындау мерзімі белгіленетінін айтты.