• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
26 Наурыз, 2014

Олимпиадашы Роман Креч уәделі пәтерін алды

270 рет
көрсетілді

Солтүстік Қазақстан облысы­ның әкімдігі белгілі конькиші, Сочи Олимпиадасына қатысушы Роман Кречке берген уәдесін орындап, оған екі бөлмелі пәтердің кілтін тапсырды. Мәселе мынада. Осының ал­дын­да облыс орталығының спорт­шы тұра­тын ауданындағы жер үйлердің бәрі бұ­зылып, оның орнына жаңа ғима­рат­тар құрылысы жүргізілетін болып шешім қабылданған. Сондықтан Ро­ман­ға баспанасыз қалу қаупі төнген. Оның бұл уайымын естіген бұқаралық ақ­па­рат құралдары сол бойда дабыл қақ­ты. Сөйтсек, бұл жайдан облыс пен қала басшылығы да хабардар болып отыр екен. Олар спортшыны далада қалдыр­мау­дың бар шарасын жасап, оған тез ара­да жаңа пәтер дайындап беруге қол жеткізді. Спортшы пәтерге 22 наурыз күні келіп кірді. Шыны керек, Романның өзі дәл мереке күндері осындай қуанышқа кенелем деп ойламапты. «Пәтер маған ұнады. Барлығы да сапалы істелген. Бұл мен үшін үлкен тарту. Облыс әкімдігі тарапынан мұндай зор көңіл бөлу мені жаңа жеңістерге жігерлендіреді», – деді Роман Креч. Спортшыны құттықтауға осы үйде тұратын спортшы-достары – жеңіл атлетикадан халықаралық дәрежедегі спорт шебері Марга­рита Мұқашева, Евгений мен Ирина Эктовтар, спорттық бағ­дар­лау бойынша халықаралық дәрежедегі спорт шебері Аслан Тоқбаев келді. Айта кетерлігі, соңғы екі жылда Солтүстік Қазақстан облысының белгілі 6 спортшысына пәтерлер берілді, 42 спортшы өздерінің жетістіктері үшін облыс әкімінің стипендиясын алып отыр. Дамир ҚОЖАМҚҰЛ.