• RUB:
    5.39
  • USD:
    474.62
  • EUR:
    517.19
Басты сайтқа өту
Президент 17 Ақпан, 2022

Қасым-Жомарт Тоқаев екінші мерзімге сайлауға қатыса ма?

2467 рет
көрсетілді

«Qazaqstan» ұлттық арнасына сұхбат берген Президент Қасым-Жомарт Тоқаев келесі сайлауға түсуге қатысты пікірін білдірді, деп жазады Egemen.kz.

Бұдан бұрын Президент мемлекетті басқаратын тұлға екі мерзімнен артық сайланбағаны дұрыс деп пікір білдірген болатын.

Осы орайда журналист Жайна Сламбектің келесі сайлауға қатысатыныңыз анық қой деген сауалына Конституцияда жазылған мерзімді бұзуға болмайтынын айтты.

«Бұл мәселе Конституциямызда жазылған. Президентке екі мерзім берілген.  Оны бұзуға болмайды. Наурыздағы Жолдауымда, мүмкін, осы маңызды мәселе жөнінде өз пікірімді айтармын. Ал бірақ қазір сайлауға барамын ба, бармаймын ба оны айта алмаймын», деді Президент.