• RUB:
    5.53
  • USD:
    474.57
  • EUR:
    513.63
Басты сайтқа өту
Президент 17 Ақпан, 2022

Президент Елбасы жайлы жазған еңбегі туралы айтты

333 рет
көрсетілді

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Qazaqstan арнасына берген сұхбатында Елбасы жайында жазған еңбегі жайлы айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Мемлекет басшысы халық арасында сауаты жоғары деңгейдегі дипломат ретінде белгілі. Ол негізінен, дипломатия, сыртқы саясат туралы бірнеше кітап жазды. Сұхбат барысында Президентің Елбасының тұлғасына арналған «Ол тарихты жасап жатыр» атты туындысы талқыланды.

«Мен бұл еңбекті жазғаныма өкінбеймін. Тұңғыш Президентіміздің еңбегі туралы кітапқа келсек, қазақта «Өткен іске өкінбе» деген сөз бар. Мен көптеген оқиғаға куә болған адаммын. Сондықтан, қағазға түсіргенді жөн көрдім. Оқырмандардың пікірінше, кітаптарым жоғары деңгейде жазылған. Мысалы, әлі күнге дейін студенттер менің кітаптарымнан қажетті мағлұматын алып, пайдаланып жүр», деді Президент.