Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің төрағасы Бауыржан Байсеркин қаңтар оқиғасы кезінде зардап шеккен кәмелетке толмаған балалардың санын айтты, деп жазады Egemen.kz.
«Медициналық ұйымдарда 177 адам қайтыс болды. Бүгінде алты адам ауруханада емделіп жатыр. Алматы мен Қызылордада үш науқастың жағдайы ауыр, біреуі оқ жарақатын алған, емделіп жатыр. Үш облыста кәмелетке толмаған балалар зардап шеккен. Алматыда екеуі оқ жарақатынан қаза болды, жетеуі түрлі оқ жарақатымен ауруханаға жеткізілді. Оның ішінде төрт жасөсіпірм Алматы қаласында, екеуі Алматы облысында және біреуі Жамбыл облысында. Сондай-ақ Алматы облысында бір жүкті әйел газдан зардап шекті», деді Бауыржан Байсеркин Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте.