• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Қысқы спорт 18 Ақпан, 2022

Ақ Олимпиада: Қазақстандық конькиші спорттан біржола кететінін айтты

261 рет
көрсетілді

Бейжің қаласында өтіп жатқан Қысқы Олимпиада ойындарында конькимен жүгіруден ел намысын қорғаған Денис Кузин спортпен біржола қоштасатындығын айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Ол бүгін Бейжің Олимпиадасында 1000 метрге жүгіруден сынға түскен болатын. Алайда жүлделі орындарға қол жеткізе алмады. Жарыстан кейін тілшілерге сұхбат берген ол:

«Жарысқа қатысты ешқандай пікір айта алмаймын. Тек Қазақстан халқынан достарым мен таныстарымнан, бүгін маған жанкүйер болған жандардан кешірім сұраймын. Бүгінгі жарыста не болғанын, неліктен мұндай нәтиже көрсеткенімді білмеймін. Ештеңемен ақтала алмаймын. Тек өте нашар өнер көрсеткенімді білемін. Әсіресе, өз мансабымдағы ең соңғы бәсекеде. Негізі, қысқа қашықтықтар бойынша өтетін әлем біріншілігінде аяқтасам деп ойлағанмын. Бірақ өзімнің бүгінгі нәтижемнен соң спорттағы ғұмырыма нүкте қоямын деп шештім», деді Кузин БАҚ өкілдеріне.

Айта кетейік, Кузин 2013 жылы осы спорт түрінен әлем чемпионы атанған болатын. Бұл оның спорттық мансабындағы қатысып отырған төртінші Олимпиада ойындары.