• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Аймақтар 18 Ақпан, 2022

«Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша салынған үйден дау шықты

525 рет
көрсетілді

Атырау облысы Индербор ауданының орталығында «Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша салынған 80 пәтерлі тұрғын үйдің қолданысқа берілгеніне жарты-ақ жыл болды, деп жазады Egemen.kz.

Аймақтық «Ақжайық» басылымы аталған үйдің тұрғындары жылыту мәселесіне жиі шағымданатынын жазып жүр. Жақында мұндағы пәтерлердің төбесінен су аққан.

«Біз бесінші қабатта тұрамыз. Мен жұмыстан келгенде қорқынышты көрініске тап болдым. Пәтердің төбесінен аққан су бүкіл кіреберісті басып кетті. Қабырғадағы сылақ құлап жатыр», деді тұрғындардың бірі.

Аудан әкімдігінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, суық су құбырындағы кідіріс салдарынан апаттық жағдай туындаған. Бұл туралы мердігер «СМК-4» мекемесіне ескертілген.

Ал олар белгіленген мерзімде жөндеу жұмыстарын жүргізуі тиіс.