Бүкіләлемдік бокс кеңесі (WBC) барлық салмақ дәрежесіндегі рейтингісін жаңартты, деп жазады Egemen.kz Prosports.kz-ке сілтеме жасап.
Қазақстандық спортшылардың рейтигтегі орны мынадай:
Аса ауыр салмақта өнер көрсететін Жан Кособуцкий 19-орынды сақтап қалды.
Бірінші ауыр салмақтағы Қамшыбек Қоңқабаев 32-сатыда тұр.
Екінші орта салмақтағы Айдос Ербосынұлы мен Әли Ахмедов 17 және 21 қатарға жайғасқан.
Жәнібек Әлімханұлы орта салмақтағы рейтингте төртінші орында тұр, ал Мейірім Нұрсұлтанов 17 сатыдан 10 орынға көтерілді.
Бірінші орта салмақтағы Садриддин Ахмедов 20 қатарда тұр.
Жартылай орта салмақтағы Данияр Елеусінов үш саты жоғалтып, 23 орынға ие болды. Ал Талғат Шайкен 37 сатыда тұр.
Бірінші жартылай орта салмақта Батыр Жүкембаев 22 орында, ал Руслан Мадиев 39 қатарда тұр.