Нұр-Сұлтанда Есіл өзенінде дәстүрлі «Бұрқасын-2022» қысқы фестивалі өтіп, оған екі мыңнан астам адам жиналды, деп хабарлайды Egemen.kz Елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.
«Бұрқасын-2022» іс-шарасын елорда әкімдігі ұйымдастырды.
Фестиваль барысында қатысушылар 10 спорт түрі бойынша сынға түседі: шаңғы жарысы, гір көтеру, армрестлинг, белбеу күресі, арқан тарту, пималы хоккей, қар ату, автоспорт, мотоспорт және қысқы футбол. Дәстүрлі түрде шаңғы жарысынан қатысушылар саны басым.
«Бұрқасын-2022» фестивалі 22 мәрте өткізіліп отыр. Биыл фестиваль бағдарламасына тағы 2 спорт түрі қосылды: белбеу күресі және қол күресі. Бағдарламаға енгізілген спорт түрлері қала тұрғындарының ұсынысы негізінде іріктелді. Екі мыңнан астам қатысушы тіркелген, олардың ішінде әскери бөлімшелер де бар. Қатысушылардың жасы әртүрлі. Мысалы, шаңғы жарысына 4 жастағы балалар, гір спортына 16-18 жас аралығындағы балалар қатыса алады», деді елордалық спорт басқармасы басшысының м.а. Самат Жылқыбаев.
«Балалардың осы іс-шараға қатысып жатқаны қатты қуантады. Себебі бұқаралық спортты дамыту және салауатты өмір салтына баулу балалық шақтан басталады. Сол сияқты ата-аналардың да балаларын спортқа баулып жатқаны қуантады. Фестивальдің ашылуымен құттықтаймын», деп атап өтті фестивальдің құрметті қонағы Олимпиада чемпионы Серік Сәпиев.
Естеріңізге сала кетейік, фестиваль Нұр-Сұлтан қаласының тұрғындары мен жастары арасында бұқаралық спортты дамыту, салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында өткізіледі.