• RUB:
    4.86
  • USD:
    441.66
  • EUR:
    475.14
Басты сайтқа өту
Спорт 20 Ақпан, 2022

Бейжің Олимпиадасына қатысқан спортшыларға сыйақы беріле ме?

387 рет
көрсетілді

Бейжіңде өткен қысқы Олимпиадада жоғары нәтиже көрсеткен спортшыларымыз қанша сыйақы алатыны белгілі болды, деп жазады Egemen.kz.

Спортшыларымыз Олимпиадада бірде-бір жүлде жеңе алмады. Дегенмен жүлделі орынға жақын нәтиже көрсеткен спортшыларға сыйақы беріледі. 

Мысалы, шорт-трекші Абзал Әжіғалиевке 500 метр қашықта төртінші орын алғаны үшін 30 000 доллар сыйақы беріледі. Сондай-ақ, Абзал мен аралас эстафетаға қатысқан Яна Хан, Ольга Тихонова және Денис Никиша бесінші орын үшін 10 000 доллардан алады.