Қазақстан Республикасының бұрынғы Қорғаныс министрі Мұрат Бектанов ұсталды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Бұл туралы ҚР Бас прокуратурасы мәлімдеді.
2022 жылғы 19 ақпанда Бас прокуратура бұрынғы Қорғаныс министрі Мұрат Кәрібайұлы Бектановқа қатысты Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 452-бабына сәйкес қызметіндегі әрекетсіздік фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады.
2022 жылғы 20 ақпанда Бектанов ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Өзге ақпарат тергеу мүддесінде жария етуге жатпайды.