• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Аймақтар 21 Ақпан, 2022

Алматы әкімдігі апатты үйді бұзуды талап еткен тұрғындарға жауап берді

284 рет
көрсетілді

Бірнеше күн бұрын Алматыдағы ескі үйді бұзуды талап етіп ілінген плакат әлеуметтік желіде тарап кеткен болатын, деп жазады Egemen.kz.

Бүгін Алматы әкімдігі жазбаға жауап берді.

«Бізді тез арада бұзыңыздар» деген белгісі бар үй - Шевченко көшесі, 113 мекенжайда орналасқан және Алматы қаласындағы ескі үйлер тізіміне кіреді. Реновация аясында (Алмалы ауданы әкімінің аппаратымен) аталған учаскеге әлеуетті инвестор – «ВЕК корпорациясы» құрылыс компаниясы тартылды. Қазіргі кезде құрылыс салушы мен тұрғындар арасында сатып алу шарттары бойынша келіссөздер жүргізілуде. «Құрылыс компаниясынан ұсынылған құжаттардың сәйкес келмеуі салдарынан құрылыстарды сүру бойынша жұмыстар кешенін жүргізуге шешім берілмейтін болды. Ескертулер жойылған жағдайда мәселе заңға сәйкес қаралатын болады», делінген әкімдік хабарламасында.