Қазақстандық футзалдың көшбасшысы алматылық «Қайрат» клубына жаңа ойыншы қосылды. Енді Бразилиялық Ранжельдің орнын Венесуэла құрамасының ойыншысы Карлос Санз басатын болды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Клубының баспасөз қызметі хабарлағандай, Карлос Венесуэла құрамасын 2014 жылдан бері қолдап келеді. Оңтүстік америкалық спортшы «Қайратпен» 1,5 жылға келісімшартқа қол қойды. Енді Санз алматылық командада 18-ші нөмірмен өнер көрсетеді.
25 жастағы қорғаушы әр жылдары Италия, Хорватия, Перу және Эквадор чемпионаттарында ойнады.
Өз кезегінде Бразилия құрамасының ойыншысы Ранжел өзінің туған жерінде Бразилиялық «Пато Футзал» командасында ойнайтын болады.