• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Аймақтар 21 Ақпан, 2022

Қызылорда облысындағы балықтардың қырылу себебі анықталды

388 рет
көрсетілді

Балық шаруашылығы комитеті Қызылорда облысы Арал ауданы Бөген ауылдық округіне қарасты Қарашалаң су айдынына Сырдария өзенінен су алатын каналдың бойында балық шабақтарының қырылуы фактісін тексеріп, нәтижесін жариялады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Мамандардың пайымдауынша балықтардың қырылуына судағы оттегінің аздығы себеп болып отыр.

«Балық шабақтарының жаппай қырылуына байланысты 19 ақпан күні осыған дейін бекітілген 2021-2023 жылдар аралығындағы қыс мезгілінде балық шаруашылығы су айдындарында және (немесе) учаскелерінде балықтардың жаппай қырылу қатеріне жол бермеу жөніндегі іс-шаралар жоспарына сәйкес, құзырлы органдармен бірге зерделеу жұмысын жүргізді. Жалпы көлемі бойынша канал ұзындығы - 1,2 км жуық, ені - 16 м. Зерттеу барысында канал бойынан бірнеше ойық ойылып, балық қырылғаны (торта, табан, ақбалық) анықталды. Канал бойындағы қырылған балық шабақтарының жалпы салмағы 975,2 кг, ең кіші ұзындығы - 4,5 см, ең үлкені - 10 см. Зерттеу жүргізу күні судағы оттегі мөлшері 3,5 мг/дм³, температурасы 2,5 ºС, орташа тереңдігі 2,5 м құраған. Ғылыми ұйымның маманы өзінің алдын ала тұжырымдамасында оттегінің аздығы балықтар тіршілігі үшін қолайсыз екендігін білдірген» делінген комитет хабарламасында.