• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
14 Мамыр, 2010

ТЕХНИКАЛЫҚ РЕТТЕУ ҚАЛАЙ ЖҮРЕДІ?

563 рет
көрсетілді

2010 жылы 24 мамырда Астана қаласында “Техникалық реттеу 2012: Бірыңғай техникалық нормалау және Бірыңғай экономикалық кеңістік аумағында тану” атты халықаралық конференция өтеді. Конференцияны өткізудің мақсаты – Саудадағы кедергілерді жою және тұтынушыларды қауіпсіз және сапалы өніммен қамтамасыз ету мақсатында Кеден одағының қатысушы елдерінің техникалық реттеу жүйесін үйлестіру. Конференцияға Кеден одағына қатысушы елдер үкіметтерінің ресми өкілдері, сондай-ақ бизнес қауымдастығының, Еуропа одағының және үш мемлекеттің қоғамдық өкілдері қатысады. Орталық пікірсайыс алаңымен қатар конферен­ция аясында мынадай тақырыптар бойынша үш секцияда өтеді: 1. Экономикалық кеңістікте техникалық реттеудің бірыңғай жүйесі. 2. Стандарттау бойынша экономикалық пайда. 3. БЭК аумағында сәйкестікті растау процедураларын бірыңғайландыру. Конференцияны ұйымдастырушы – Қазақстан Республикасының Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі және Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті. Конференцияға қатысу үшін барлық мүдделі тұлғалар, бизнес қауымдастығының өкілдері шақырылады. Өтетін орны: Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті, Астана қаласы, Мұңайтпасов көшесі, 5, конференц-зал. Тіркелу 2010 жылғы 20 мамырға дейін: ҚР ИжЖТМ Техникалық реттеу және метрология комитетінің сайтында http://memst.kz/ru/ts/reg.php адресі бойынша, сондай-ақ +7 7172 79 33 28 телефоны бойынша жүргізіледі.