ҚР Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді Ресейдің Донецк пен Луганскіні тұрақтандыру шешіміне пікір білдірді, деп хабарлайды Egemen.kz.
«Кеше Ресей Донецк және Луганск Халық Республикаларын тұрақтандыру жөнінде шешім қабылдаған болатын. Сондықтан қазіргі жағдай өте күрделі, шиеленісіп бара жатыр. Ал Қазақстанның ресми ұстанымы талқылану үстінде», деді ол бүгін Үкімет отырысынан кейін БАҚ өкілдерінің сауалына орай.
Оның атап өтуінше, қазіргі уақытта Қазақстанның күн тәртібінде аталған екі республиканы мойындау мәселесі тұрған жоқ.
«Біз халықаралық құқықты және БҰҰ ұстанымын ұстанамыз», деді министр.
Сонымен қатар ол БАҚ өкілдерінің «Ресей өтініш білдірсе Қазақстан Донецк пен Луганскге өз әскерін жібере ме?» деген сауалына да жауап берді.
«Ұжымдық қауіпсіздік шарт ұйымы бар. Оған Қазақстан мүше. Бірақ, бұл ұйымның ол жаққа әскер жіберуге құқы жоқ», деді Мұхтар Тілеуберді.