• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Аймақтар 22 Ақпан, 2022

«Банк қызметкері» ақтөбеліктің атынан онлайн несие рәсімдеген

479 рет
көрсетілді

Хромтаулық тұрғын алаяқтың арбауына түсіп қалды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қаңтар айының соңында Хромтау қаласының 45 жастағы тұрғынының телефонына белгісіз біреу қоңырау шалып, өзін екінші деңгейдегі банктердің бірінің қызметкері ретінде таныстырып, жәбірленушінің шотынан алаяқтар ақша аударымын жасамақ ниетте екенін айтып, жеке деректерін иемденіп алған. Алаяқ оның атынан банктен бір млн теңгеге онлайн несие ресімдеген.

ҚР ҚК-нің 190-бабы 2-бөлігі (Алаяқтық) бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп, күдікті адамды анықтау мен ұстауға бағытталған жедел іс-шаралар жүргізілуде.