• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Коронавирус 23 Ақпан, 2022

Облыста миллионға жуық адам вакцина салдырды

152 рет
көрсетілді

Жұқпалы індеттің таралу деңгейі бойынша Алматы облысы «жасыл аймақ» санатына кірді. Алайда бұл өңірде коронавирус инфекциясының қаупі төмендеді дегенді білмейді. Өйткені ауырып ем іздеген адамдар қатары әлі де бар.

Мысалы, өткен тәулікте облыс аумағында 27 адам­ның вирус жұқтырғаны анық­талды. Соның ішінде Тал­ғар ауданында – 7, Текелі қаласында – 5, Жамбыл, Қа­ра­тал аудандары мен Талды­қорған қаласында – 3, Ескелді, Панфилов және Ұйғыр аудандарында 2 жағдай тіркелді. Сондай-ақ осы аралықта 203 адам емделіп, ауруханадан шыққан екен. Өңірдегі медицина мекемелерінде 485 адам стационарлық ем қабылдауда. Бір тәулік ішінде ауруханаларға 15 адам түскен. Ал ауруханалардағы төсектік орын саны – 2 780 ша­ма­сында. Қазір соның 17,4 пайызы бос емес. Оның ішінде жансақтау бөлімінде 22 адам жатыр. Сондай-ақ соңғы 3 күнде 4 794 адамның ПТР сынамалары зертханаларда тексерілген.

Жалпы, Алматы облысы бойынша коронавирусқа қарсы вакцинаның бірінші компонентін алғандар саны 990 911 адамды құрады. Со­ның ішінде бір күн ара­лығында екпе алғандар саны – 2 855 тұрғын шамасында. Ал екпенің екінші компонентін 891 567 адам салдырып үлгерген екен.

 

Алматы облысы