• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Медицина 23 Ақпан, 2022

Жоғары технологиялық жабдықтар жеткізілді

464 рет
көрсетілді

Нұр-Сұлтан қалалық №2 көпбейінді балалар ауруханасы жаңа медициналық аппараттармен жабдықталды.

Стационар кішкентай балаларды диагностикалау үшін КТ (компьютерлік томография) және МРТ (магниттік-резонанстық томография) жаңа аппараттарымен жаб­дықталды. 2010 жылы ашыл­ған ауруханада бұған дейін мұндай құрылғылардың біреуі ғана болған. Алайда балалар санының өсуін ескерсек, жоғары сапалы жабдықтарды көбейту қашанда назарда болуы керек.

Балалар ауруханасына әкелінген жаңа МРТ аппара­тының артықшылығы 400 мыңға дейін сурет жасайды. Түрлі түсті дисплейі бар, бұл суретті анық және жарқын көруге мүмкіндік береді.

Компьютерлік томо­г­ра- фия аппараты онко­ло­гиялық ауруларды, кардиология, неврология, трав­ма­то­логия және ортопедия салаларын, сондай-ақ баланың бүкіл денесін диагностикалық зерттеуді қоса есептегенде өзге де ауруларды тексеру үшін қолданылады.

Жалпы, қалалық медици­налық орталықтарды жаб­дық­тау үшін тағы 5 КТ аппаратын сатып алу жоспарла­нып отыр. Өткен жылы елор­далық ауруханалар мен емханалар үшін 300-ге жуық түрлі жабдық сатып алынды.