Алматыда таза ауа үшін митинг өтеді. Бұл туралы Алматы қаласының Қоғамдық даму басқармасы мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Алматы қаласының әкімдігіне хабарлама 8 ақпанда түскен. Онда қаланың экологиялық жағдайына алаңдаушылық білдіру мақсатында сағат 12.00-ден сағат 14.00-ге дейін «Шоқан Уәлиханов» атындағы саябақта митинг өткізу сұралған. Қатысушылардың болжамды саны 20-дан 60 адамға дейін.
Ведомство мәліметінше, митинг «Қазақстан Республикасында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу тәртібі туралы» заң талаптарына сай.
«Сондықтан, заңға сәйкес, Алматы қаласы әкімдігінің 2022 жылғы 9 ақпандағы №1/35 қаулысы бойынша көрсетілген митингіні өткізуге келісім берілді», делінген хабарламада.