• RUB:
    4.81
  • USD:
    498.51
  • EUR:
    522.84
Басты сайтқа өту
Қоғам 23 Ақпан, 2022

Қазақстанда салынуы мүмкін АЭС-тің құны қанша болады?

406 рет
көрсетілді

ҚР Энергетика министрлігі атом энергетикасы және өнеркәсібі департаментінің директоры Жаслан Қасенов Қазақстанда салынуы ықтимал атомдық реактордың болжамды құнын атады, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Халықаралық тәжірибе қуаты 1000-1200 МВт болатын бір атом-энергетикалық блок құрылысының құны шамамен 5 млрд доллар болатынын көрсетіп отыр. Бұл шамалап айтылған сома.

Қайталап айтайын, халықаралық тәжірибе осылай көрсетіп отыр. АЭС құрлысының әлемдік нарығы осындай баға көрсетіп тұр. Әрине, бұдан анағұрлым нақты соманы станса орнататын жеткізуші компанияны анықтап, келіссөз жүргізген кезде ғана айтуға болады. Өйткені АЭС құны көптеген факторларға байланысты», деді министрлік өкілі.

Маманның айтуынша, әзірге бұл жоба қандай көзден қаржыландырылатыны да белгісіз.

«Қаржыландыру көзі де келіссөздер кезінде нақтыланады. Бұған дейін де айтқанымдай, бұл жобаға ақша тартудың түрлі тетіктері бар», деді Жаслан Қасенов.