• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Спорт 23 Ақпан, 2022

ҰОК: Бейжіңде Абзал Әжғалиев ең үздік спорттық нәтиже көрсетті

492 рет
көрсетілді

ҚР Ұлттық Олимпиада комитетінің бас хатшысы Андрей Крюков 4-22 ақпан аралығында Бейжіңде өткен Қысқы Олимпиада ойындарын қорытындылады, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Ең үздік спорттық нәтижеге шорт-трек командасы жетті. Осы шорт-тректегі ойындарда ең үздік нәтижені 500 метр қашықтықта төртінші орын алған Абзал Әжғалиев көрсетті. Сонымен қатар, шорт-трек спортшылары аралас эстафетада бесінші орынға ие болды. Финалға қазақстандық жас шорт-трекист Әділ Ғалияхметов шықты, ол шеберлік деңгейі бойынша көптеген тәжірибелі қарсыластарынан басым түсті. Ал Юлия Галышева могул бойынша жарыста жетінші болды, финалға 11-орын алған Ақмаржан Қалмырзаева шыға алды», деді Андрей Крюков ОКҚ-да өткен баспасөз конференциясы барысында.

22 ақпанда Бейжің-2022 қысқы Олимпиада ойындары аяқталды. Дүбірлі додаға Қазақстан намысын 34 спортшы қорғауға аттанған болатын. Қысқы Олимпиада үш кластерде өтті – Пекин, Чжанцзякоу және Яньцин.

Қазақстандық спортшылар келесі спорт түрлерінде өнер көрсетті:

Шаңғы жарысы; Биатлон; Фристайл-могул; Фристайл-акробатика; Шорт-трек; Конькимен жүгіру спорты; Тау шаңғысы; Шаңғы қоссайысы; Шаңғымен трамплиннен секіру.