Бейсенбі күні түнде Астанада жергілікті «Барыс» Уфаның «Салават Юлаев» командасын ұтып, серияның жалпы есебін 2:3-ке жеткізді. Бұл туралы ras.kz хабарлады.
«Астаналықтар Гагарин кубогы екінші раундының бесінші матчында уфалықтардан басым түсті. Кездесу 2:1 (1:1, 1:0, 0:0) есебімен аяқталды», - делінген хабарламада.
Ойындағы есепті 7-минутта «Барыстың» шабуылшысы Константин Руденко ашты. Алайда, қонақтар 8 минуттан кейін таразы басын теңестіре білді. Шайбаны Иван Вишневский салды», - делінген хабарламада.
«Барыс» 37-минутта жойқын шабуылға шығып тағы бір шайба соғуға қол жеткізді. Оны Дастин Бойд түсірді. Кейін болғандай, бұл осы ойындағы гол болды.
Сөйтіп, кездесуде 2:1 есебімен жеңіске жеткен «Барыс» жалпы есептің 2:3 болуына қол жеткізді.
Сериядағы алтыншы матч 29 наурыз күні Уфада өтеді. Осы ойында алаң иелері жеңіске жетсе, екі команда арасындағы текетірес те аяқталады.
Дамир Қожамқұл.
Дереккөз: ras.kz.
Фото: vesti.kz.