• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Аймақтар 23 Ақпан, 2022

Тараз маңынан тағы бір авиациялық бомба табылды

463 рет
көрсетілді

Жамбыл облысының құқық қорғау органдарына жергілікті тұрғын хабарласып, бұрынғы әскери полигон аумағынан снаряд табылғаны туралы айтқан, деп хабарлайды Egemen.kz.

Жамбыл облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, 22 ақпан күні Байзақ ауданының полиция бөліміне 29 жастағы тұрғын хабарласқан. Ол Ақжар ауылынан 15 шақырым жердегі құмды аумақта, бұрынғы әскери полигон аумағында снаряд жатқанын жеткізген.

«Снаряд анықталған жерге тез арада полиция департаменті мен «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығының 28349 әскери бөлімінің саперлері жіберілді. Снаряд «ОФАБ-100» моделінің жарықшақты-фугасты әуе бомбасы екені анықталды», деп түсіндірді ведомстводан.