• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Қазақстан 24 Ақпан, 2022

Қаңтар оқиғасы: Полицейлер ұрып-соққан 6 адам қайтыс болды

405 рет
көрсетілді

Бұл туралы ҚР Бас прокуратурасы арнайы прокурорлық қызмет басқармасының басшысы Ризабек Ожаров «Казахстанская правда» басылымына берген сұхбатында мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Күні кеше ғана жауап алудың рұқсат етілмеген әдістерін қолдану фактілері бойынша қылмыстық істерді қабылдадық. Бұған дейін оларды сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет тергеген. Мұндай істердің барлығы бізге тапсырылған жоқ. Бізге тек ауыр зардаптар, дәлірек айтсақ, ұсталғандардың өлімі тіркелген жағдайлар ғана ұсынылды. Бізге жеткен мәлімет бойынша, рұқсат етілмеген әдістерді қолдану арқылы жауап алу салдарынан Алматыдағы уақытша ұстау абақтысында екі адам, Шығыс Қазақстан облысында үш адам және Талдықорғанда бір адам қаза тапқан», деді Ризабек Ожаров.