• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Қоғам 24 Ақпан, 2022

Елімізде 78 мың отбасы әлеуметтік көмек алды

446 рет
көрсетілді

2022 жылғы 1 ақпандағы жағдай бойынша 78 мың отбасынан 399,9 мың адамға атаулы әлеуметтік көмек тағайындалды. Биыл бұл мақсатқа бюджеттен 87,1 млрд теңге бөлінді, деп хабарлайды Egemen.kz ҚР Еңбек министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

АӘК отбасының әрбір мүшесіне жан басына шаққандағы орташа табысы өңірлік ең төменгі күнкөріс деңгейінің 70%-ынан төмен азаматтарға тағайындалады.

Бұдан басқа, АӘК көрсетудің жаңа тетігін іске асыру шеңберінде еліміздің барлық өңірлерінде аз қамтылған отбасылардан шыққан мектеп жасына дейінгі балаларды кепілдендірілген әлеуметтік пакетпен қамтамасыз ету бойынша жұмыс жүргізілуде.

2022 жылдың 1 ақпанына 1 жастан 6 жасқа дейінгі АӘК алушылар ішінен 100,1 мың бала азық-түлік және тұрмыстық химия жиынтықтарымен қамтылды.

Айта кетсек, қаңтар айындаТЖ режимінің қолданылуына байланысты. 2021 жылдың 4 тоқсанында АӘК алған азаматтарға төлемдер 2022 жылдың I тоқсанына автоматты түрде ұзартылды. Бұл ретте жаңа алушылар үшін электрондық үкімет порталы арқылы атаулы әлеуметтік көмек тағайындауға өтініш беру мүмкіндігі іске асырылды.