• RUB:
    5.39
  • USD:
    474.62
  • EUR:
    517.19
Басты сайтқа өту
Әлем 24 Ақпан, 2022

Киевте Ресейдің 6 ұшағы жойылды

4170 рет
көрсетілді

Бейсенбі күні түстен кейін Украина Қарулы Күштері Ресей Аэроғарыш күштерінің алтыншы әскери ұшағы жойылғанын хабарлады, деп жазады Egemen.kz Анадолы агенттігіне сілтеме жасап.

Бұл туралы Украина Қарулы Күштері Құрлық әскерлерінің баспасөз қызметі Facebook-те жазған. 

«Ресей Федерациясының алтыншы ұшағы Краматорск облысында жойылды», делінген хабарламада.

Украин әскерилері кейінірек кеңірек ақпарат беруге уәде берді. 

Бұған дейін Украина Қарулы күштерінің Бас штабы Ресей қарулы күштерінің бес ұшағы мен бір тікұшағы жойылғанын хабарлаған.