Түркияда күрес түрлерінен рейтингілік «Яшар Догу» бәсекесі басталды. Турнирге қазақстандық балуандар да қатысып жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz ҰОК-ке сілтеме жасап.
63 келіде белдескен Айдос Сұлтанғали ширек финалда түркиялық қарсыласына 1:5 есебімен жол берді.
67 келі салмақ дәрежесінде қазақстандықтар Мейіржан Шермаханбет пен Данияр Қаленов белдескен болатын. Тартысты кездесуде тәжірибелі Мейіржан Шермаханбет жеңіске жетіп, жартылай финалға өтті.
Сондай-ақ, 130 келіге дейінгі салмақта күрескен Антон Савенко бірнеше дүркін әлем чемпионы, түркиялық Риза Каялпқа есе жіберді.