• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Қазақстан 24 Ақпан, 2022

Атом энергетикасы саласына мамандар даярланады

578 рет
көрсетілді

ҚР Энергетика министрі Болат Ақшолақов Сенатта өткен дөңгелек үстелде бір АЭС-ке қанша маман қажет екенін айтып берді, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Елдің энергетикалық теңгерімінде жаңа генерация нүктесі ретінде қуаты 2,4 ГВт болатын атом электр стансасын салу қарастырылып отыр», деді Болат Ақшолақов.

Министр Қазақстанда АЭС салудың артықшылықтары мен әлемдегі атом энергетикасының нарығы туралы мәліметтерге тоқталды.

«Атом энергетикасының тарихы жарты ғасырдан астам уақытты қамтиды. Осы уақыт ішінде ол энергетиканың дәстүрлі салаларының біріне айналды. Қазір әлемдегі 31 ел атом электр станцияларын пайдаланады. Осы жылдың ақпан айындағы жағдай бойынша әлемде шамамен 439 энергия реакторы, яғни жалпы қуаты шамамен 390 ГВт болатын атом реакторы бар. 19 елде тағы 52 реактор салынып жатыр. Атом энергетикасы бүгінде шамамен жаһандағы бүкіл генерацияның 10%-ын алады», деп түсіндірді ведомство басшысы.

Министр Атом энергиясы жөніндегі халықаралық агенттік 2050 жылға қарай АЭС генерациясы 1,8 есе өседі деп болжағанын атап өтті.

«Табиғи уран өндіру бойынша әлемде бірінші орында екенімізді айта отырып, ядролық отын өндіру бойынша өз құрамдастарымыз да бар. Өткен жылы Үлбі металлургия зауытында атом электр станциясына арналған ядролық отын өндіретін зауыт ашылды. Кадрлық әлеуетке келетін болсақ, жақында атом энергетикасы саласында маман даярлау бойынша меморандумға қол қойылды. Станцияның қауіпсіз және сенімді жұмыс істеуі көптеген кадрларды қажет етеді. Біз екі энергетикалық блогы бар бір станцияға ауысымдық жұмысты ескере отырып, шамамен 2 мың адам қажет болады деп топшыладық. Бұл 2 мың адамды тек оқытып қана қоймай, олардың осы салада белгілі бір жұмыс тәжірибесі болуы керек», деп түйіндеді Болат Ақшолақов.