• RUB:
    5.41
  • USD:
    472.49
  • EUR:
    515.44
Басты сайтқа өту
Қазақстан 24 Ақпан, 2022

Қазақстанның бес өңірінде дауылды ескерту жарияланды

336 рет
көрсетілді

Ертең Қазақстанның бірнеше облысында тұман мен бұрқасын болады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Синоптиктер Қарағанды облысының батысы мен солтүстігінде, сондай-ақ Қарағанды мен Жезқазған қалаларында тұман түседі деп болжап отыр.

Батыс Қазақстан облысының батысында, солтүстік-батысында, шығысында және Орал қаласында көктайғақ және тұман күтіледі.

Ақмола облысының оңтүстігінде, батысында, солтүстік-шығысында-боран. Күндіз облыстың солтүстігінде көктайғақ болады. Нұр-Сұлтанда түнде және таңертең тұман түседі.

Ақтөбе облысының солтүстігінде, шығысында - тұман, көктайғақ. Ақтөбе қаласында - көктайғақ.

Атырау облысының батысы, солтүстігі мен орталығында және Атырау қаласында тұман түседі.