• RUB:
    5.2
  • USD:
    523.72
  • EUR:
    544.09
Басты сайтқа өту
Әлем 24 Ақпан, 2022

Украина ЕО-дан жедел көмек сұрады

471 рет
көрсетілді

Украина азаматтық қорғау тетігі аясында Еуропалық Одақтан шұғыл көмек сұрады. Бұл туралы дағдарысты басқару жөніндегі Еуропалық комиссар Янез Ленарчич мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Украина ЕО-ның азаматтық қорғау тетігі арқылы жедел медициналық көмекке жүгінді, мен мүше мемлекеттерді бұған дереу жауап беруге шақырамын», деп жазды Янез Ленарчич Twitter-де.

24 ақпанда Ресей Президенті Владимир Путин өзінің Жолдауында Донбаста арнайы әскери операция өткізілетінін жариялады. Оның айтуынша, операцияның мақсаты - сегіз жыл бойы геноцидке ұшыраған ДНР мен ЛНР тұрғындарын қорғау.