Нигердің батысында автокөлікке шабуыл жасалып, салдарынан 18 бейбіт тұрғын қаза тапты.
Сейсенбі күнгі мәлімдемеде ішкі істер министрі Алкассум Индату Мали шекарасына жақын орналасқан Тиллабери ауданында белгісіз қарулы топ көлікке шабуыл жасағанын хабарлады. Оның айтуынша, Фони Ганда ауылының 13 тұрғыны мен Тизегору ауылының 5 адамы қаза тапқан.
Үкімет өкілінің хабарлауынша, 2021 жылы қарулы топтар аймақтағы бейбіт тұрғындарға көптеген шабуыл жасапты. Мәселен, 2021 жылғы 2 қарашада өзін өзі қорғау милициясының 69 мүшесін өлтіріп кеткен. Сол жылдың қазан айында мотоцикл мінген шабуылшылар кешкі намаз кезінде Тизегор маңындағы мешітте 10 адамды өлтірген.
Елдің қорғаныс министрлігінің мәліметінше, осы айдың басында елдің оңтүстік-батысында Сахелде ұйымдастырылған жарылыс салдарынан бес нигерлік сарбаз қаза тапқан.
Бұл қарулы топпен күресу үшін елге шақырылған халықаралық күштердің көмегіне қарамастан әлгілерге тосқауыл табылмай отыр. Жергілікті күштерді исламдық радикалдар қолдайды деген ақпарат бар.