Украина Президенті Владимир Зеленский Ресей Президенті Владимир Путинге келіссөздер үстеліне отыруды ұсынды, деп хабарлайды Egemen.kz.
«Тағы да Ресей Федерациясының Президентіне жүгінемін. Украина аумағында ұрыс жүріп жатыр. Адамдардың өлімін тоқтату үшін келіссөз үстеліне отырайық», деді Украина Президенті Владимир Зеленский.
Еске сала кетсек, 24 ақпанда Ресей Президенті Владимир Путин халыққа Жолдауында Донбаста арнайы әскери операция өткізілетінін мәлімдеді.