• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Аймақтар 25 Ақпан, 2022

Атырауда рұқсат етілмеген діни әдебиеттер саудалаған тұлғалар анықталды

467 рет
көрсетілді

Атырауда 3 тұлға діни әдебиеттерді заңсыз саудалаған, деп хабарлайды Egemen.kz.

ҚР-ның діни қызметін және діни бірлестіктер туралы заңнамасын бұзғандардың әрқайсысына 102 095 теңге көлемінде айыппұл салынды. 

Құқықбұзушылар Атырау облысы Полиция департаментінің қызметкерлері Дін істер басқармасының қызметкерлерімен бірлесіп, облыс бойынша заңсыз діни материалдардың таралуы және сатылуының алдын алу мақсатында өткізілген рейдтік іс-шара кезінде анықталды. Мәселен, 1989 жылы туған азаматша сауда ойын-сауық орталығындағы жәрмеңкеде 4 діни оқулық пен электронды кітаптар сатып тұрған. 

Сондай-ақ, Атырау облысы Полиция департаментінің қызметкерлері Дін істер басқармасының қызметкерлерімен бірлесіп, әлеуметтік желілерде мониторинг жасау барысында «ВКонтакте» әлеуметтік желісіндегі өзінің жеке парақшасына Қазақстан аумағында таратуға тиым салынған діни тұрғыдағы материалдарды жариялаған 1989 жылы туған ер адамды анықтады. Сол сияқты 1988 жылы туған қала тұрғыны «Фейсбук» әлеметтік желісіндегі өзінің жеке парақшасына Қазақстан Республикасының заңнамасымен тыйым салынған діни әдебиетті және діни мазмұндағы материалдарды еркін қолданыста болуға жол бергені белгілі болды. Анықталған үш тұлғаға қатысты ӘҚБтК-нің 490 бабы 1-бөлімінің 3-тармағы бойынша әкімшілік хаттамалар толтырылып, жинақталған іс-құжат Атырау қаласының әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған сотына жолданды. Жоғарыда атап кеткендей, аталған тұлғалардың әрқайсысына сотпен 102 095 тенгеден айыппұл салынды.