Болгарияда өтіп жатқан «Странджа» турнирінде бокстан Қазақстан әйелдер командасының үш өкілі финалға шықты, деп хабарлайды Egemen.kz ҰОК-ке сілтеме жасап.
Назым Қызайбай (50 келі), Дина Жоламан (54 келі) және Ләззат Күнгейбаева (+81 келі) ақтық сында алтын жүлдеге таласады.
Ал Дариға Шәкімова, Надежда Рябец, Римма Волосенко мен Анастасия Баязитова турнирдің қола жүлдегері атанды.