• RUB:
    5.41
  • USD:
    472.49
  • EUR:
    515.44
Басты сайтқа өту
Әлем 27 Ақпан, 2022

Франция Румынияға 500, Эстонияға 250 әскер жібереді

321 рет
көрсетілді

Ресейдің Украинаға қарсы жалғасып жатқан әскери операциясы аясында Франция билігі Румынияға 500 әскери және броньды көлік жіберу туралы шешім қабылдады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Бұл туралы Франция Бас штабының басшысы Тьерри Буршар мәлімдеді.

Оның айтуынша, бұл шешім НАТО-ның шығыс қанатын қолдау үшін қабылданған.

Ол Украинада жүріп жатқан соғысқа байланысты Эстонияда 200-250 француз әскері, сондай-ақ 4 Mirage 2000 әскери ұшағы орналасатынын атап өтті.

Еске салсақ, 24 ақпанға қараған түні Ресей президенті Владимир Путин Украинаның Донбассында арнайы әскери операция басталғанын хабарлады.