Австралияның Квинсленд штатында су тасқыны салдарынан алты адам қайтыс болды, деп жазады Egemen.kz Sydney Morning Herald басылымына сілтеме жасап.
Басылымның мәліметінше, алтыншы марқұмның денесі Индурупилли қаласында табылған. Көлігі су астына кетіп, өзі ішінде қалып қойған. Тағы бір марқұмның денесі Брисбен өзеніне ағып, жоғалып кеткен.«Эвакуациялық орталықтарда мыңнан астам адам бар», деп жазады басылым.