• RUB:
    4.94
  • USD:
    443.16
  • EUR:
    480.39
Басты сайтқа өту
Қазақстан 27 Ақпан, 2022

Нұр-Сұлтан қаласы доллар мен еуро сатуды тоқтатты

371 рет
көрсетілді

Елордалық валюта айырбастау орындарының бір бөлігі доллар мен еуроны сатуды тоқтатты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Kurs.kz мәліметі бойынша, Нұр-Сұлтанда сағат 18:00-де тек бірнеше валюта айырбастау орындары долларды саудалады.

Доллар 466 теңгеден, ал еуро 517 теңгеден сатып алынды.

Алматыда доллар айырбастау пункттерінің көпшілігі жұмыстарын тоқтатты, бірақ кейбір пункттер сатылымын тоқтатпады.

Алматыда бір долларды орташа есеппен 466 теңгеден сатып алады, ал 467,5 теңгеден сатады. Еуроны сатып алу 520-524, ал еуроны сату 528 теңгені құрайды.