• RUB:
    5.2
  • USD:
    523.72
  • EUR:
    544.09
Басты сайтқа өту
Қоғам 28 Ақпан, 2022

Еліміздегі 145 мың бейнекамера ІІМ жүйесіне тіркелген

505 рет
көрсетілді

ҚР Ішкі істер министрлігі ақпараттандыру және байланыс департаментінің бас маманы Әділ Сәрсенов саланы цифрландыру қалай жүріп жатқаны жайлы мәлімет берді, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Мемлекет басшысының Ішкі істер министрлігінің «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын әзірлеу тапсырмасы негізінде «Кілемді жабын» жобасы қолға алынды. Бұл өңірлік жедел басқару орталықтарының бейнебақылау жүйесіне бөгде бейнекамераларды интеграциялауға бағытталған. Қазір еліміз бойынша әртүрлі меншік нысанындағы 687 мыңнан астам бейнебақылау камерасы бар. Олардың 145 мыңға жуығы аумақтық бөлімшелердің жедел басқару орталықтарына енгізілген», деді ІІМ өкілі онлайн брифингіде.

Сондай-ақ ол саланы цифрландыру аясында «Жаппай бейнебақылау» және «Цифрлық полицей» жобалары қолға алынғанын жеткізді.

«Қазір полицияның қызметтік кабинеттері мен арнайы мекемелерде 18 мыңнан астам бейнекамера орнатылған. «Цифрлық полицей» - полиция қызметкерлерін оқиғаларды онлайн трансляциялау арқылы бейнетіркегіштермен және құқық қорғау органдарының арнайы дерекқорлары мен ақпараттық жүйелеріне қосылған планшеттік құрылғылармен жарақтандыру. Бүгінде сыртқы қызмет полицейлері 100% қызметтік планшетпен жабдықталған. Онлайн трансляциясы бар бейнетіркегішті және GPS бақылауды енгізу жобасы апробация сатысында және 150 бейнетіркегіште тестілік режимде жұмыс істейді», деді Әділ Сәрсенов.