• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Қоғам 28 Ақпан, 2022

Nur Otan-ның кезектен тыс отырысында қандай мәселелер қаралады?

194 рет
көрсетілді

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен өтетін Nur Otan партиясының кезектен тыс отырысында екі мәселе қаралады. Бұл туралы партияның атқарушы хатшысы Асхат Оралов мәлім етті, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Өздеріңіз білетіндей, ертең Мемлекет басшысы, партия Төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен онлайн форматта Nur Otan-ның кезектен тыс XXII Съезі өтеді. Оның жұмысына еліміздің әр өңірінен 399 делегат қатысады. Бүгін партияның Саяси кеңесінің қаулысымен Съездің күн тәртібі бекітілді. Екі мәселе қаралады:

Партияның Саяси кеңесінің құрамына өзгерістер енгізу. Nur Otan партиясының модернизациясы», деп жазды А.Оралов Facebooк-те.