Тараптар Украина шекарасына жақын жерде Беларусьтің Гомель облысында кездеседі. Қауіпсіздік мақсатында келіссөздер өтетін нақты орны жарияланбайды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Бұған дейін хабарланғандай, Беларусь Президенті Александр Лукашенко Украина басшысы Владимир Зеленскийге қоңырау шалып, тараптар украин-белорусь шекарасындағы Припять өзенінде кездеседі деп келіскен болатын.