Қазақстанның Украина астанасындағы Елшілігі 34 азаматты Польша шекарасына алып шықты. Олар сол елден Қазақстанға арнайы рейспен қайтады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Бұл туралы ҚР Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі мәлім етті.
Еске сала кетейік, бүгін таңертең Украинадағы Қазақстан азаматтарын әкелуге 179 орындық ұшақ Польшаға аттанған болатын.
ҚР СІМ баспасөз қызметінің басшысы Ерлан Жетібаевтың хабарлауынша, түске дейін Украина-Польша шекарасынан 241 адам өткен.
Олардың алғашқы легі бүгін түнде Алматыға жеткізіледі.