• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
Аймақтар 01 Наурыз, 2022

68 көлік тарту етті

128 рет
көрсетілді

Қарағанды облысындағы полиция құрылымдарына «Қазақмыс» корпорация­сы жомарт тарту жасады. Нақтырақ айтқанда, жол-патрульдік қызметіне және Жезқазған, Сәтбаев, Бал­қаш қалалары мен Ұлы­тау ауданының учас­келік инспек­торларына 48 Chevrolet Cobalt ав­токөлігі, сегіз JAC 7 авто­көлігі, алты фургон, екі жол талғамайтын көлік, екі қарда жүретін көлік, сон­дай-ақ екі автобус, бар­лығы 68 бірлік көлік техникасын тарту етті.

Полиция басшылығы құ­қық қорғау органдарының ав­топаркін толықтыру тәртіп сақ­­шыларының жедел әрекет етуіне, сондай-ақ қоғамдық және жол қа­уіпсіздігін қамтамасыз етуге оң әсерін тигізетінін айтады.

Сондай-ақ корпорацияның қолдауымен Жезқазған, Сәтбаев, Балқаш қалалары және Ұлытау аудандарында 26 учаскелік пункт пен полиция бөлімдерінде ағым­дағы жөндеу жұмыстары жүргізіліп, оларға 119 жиһаз жиын­тығы сатып алынды. По­лиция қызметкерлері үшін қыс­қы, маусымдық және жаз­ғы фор­ма киім-кешектің 444 жиын­тығы тапсырыспен тігілген.

Модульдік үлгідегі екі ста­ционарлық полиция пункті орнатылды, жұмысқа қажетті ұйымдастыру техникасы, 690 бірлік планшет, видеожетон, радиостанса, деректерді жүк­теу және түсіру pos-тер­ми­нал­дары, термопринтер сатып алынды.

Алпауыт кәсіпорын мұны­мен ғана шектелмей, өңір әкім­дігі мен «Қазақмыс» корпорациясы арасындағы ұзақ мерзімді ынтымақтастық ту­ралы меморандумға отырды. Яғни осы келісім аясында атал­ған өңірде «Қауіпсіз аула» қа­натқақты жобасы жүзеге асырыла бастады. Атап айтқанда, компания қаражаты есебінен Жезқазғанда Есенберлин көше­сінде бейнекамералар орнатылды. Сонымен бірге жедел басқару орталығы пайдалануға берілді.

Бұдан бөлек, алдағы уақытта Сәтбаев қаласындағы «Нұрлы-Мекен» шағынауданында «Қа­уіпсіз аудан» бейнебақылау жүйе­сінің ауқымды жобасын іске қосу және учаскелік полиция пункті үшін жеке тұрған ғи­маратты сатып алу жоспарда бар.

 

Қарағанды облысы