• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Экономика 01 Наурыз, 2022

Brent маркалы мұнайдың бағасы барреліне 99 доллардан асты

295 рет
көрсетілді

Сейсенбі күні халықаралық нарықта Brent маркалы мұнай барреліне 99,52 доллардан сатылды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Дүйсенбі күнгі соңғы аукционда бұл маркалы мұнайдың баррелінің құны 105,07 долларға жеткенімен, сол күні-ақ 97,97 долларға төмендеген. 

1 наурызда таңғы сағат 09:19-дағы жағдай бойынша Brent маркалы мұнайдың бағасы 1,6 пайызға өсіп, барреліне 99,52 долларды құрады. 

WTI маркалы мұнай фьючерстерінің құны барреліне 97,03 доллар болды. 

Бағаның өсуіне Ресей Қарулы Күштерінің Украинадағы әрекеттеріне байланысты тасымалдың азаюы әсер етіп отыр. 

Украина билігі бұған дейін Ресеймен келіссөздерде қалаған нәтижеге әлі қол жеткізілмегенін мәлімдеген. Осы арада бірқатар халықаралық мұнай компаниялары Ресейге инвестиция салудан бас тартқанын хабарлады.